Махмұдқожа Бехбуди (1875-1919)
Махмұдқожа Бехбуди (1875-1919)

Драматург, публицист, дін және қоғам қайраткері, жәдидшілдік қозғалысының жетекшіліерінің бірі. М.Бехбуди 1875 ж. 20 қаңтарда Самарқан маңындағы Бахшитепа ауылында мүфти отбасында туған. Әкесі Бехбуқожа Салихқожаұлы Түркістандық, шежіре бойынша Қожа Ахмет Иассауидің тікелей ұрпағы. Нағашы атасы тегі Хорезмдік Ниязқожа. XVIII ғ. соңында Самрқанға қоныстанған. 

Зиялылар отбасындағы орта М.Бехбудидің әдебиет, саясат, ғылымға деген қызығушылықтарының артуына себепші болды. Әкесінің ислам фиқһы білгірі, мүфти болуы оған қатты әсер етті. Ол кейіннен ол өз мақалаларының бірінде "Хидая" (ислам құқығы жайлы) кітабының тағдырына қаншалықты қатты әсер еткенін атап өтеді.

Бастапқыда Самарқанда, сосын Бұхарада медреседе оқиды. Оқуды тәмамдап имам-хатиб, қазы, артынша мүфти болады.

1900-1902 ж.ж қажылыққа атанып, Меккеде, Египетте, Стамбұлда тұрақтап, Самарқанға оралған соң жеке кітап баспаханасын ашады.

1903-1904 ж.ж Мәскеу, Петербор барып, 1907 ж. Қазан, Уфа т.б қалаларда болып, ондағы жаңа үлгідегі мектеп жүйелерімен танысады. Ондағы татар зиялыларымен байланыс орнатып, жәдид мектептері үшін оқулықтар жазуға кіріседі.

Әсіресе, қырым-татар ғалымы, жәдидшіл И.Ғаспыралы мен оның редакторлығындағы "Тәржәман" газеті М.Бехбудиді жәдидшілдік жетекшілерінің біріне айналдырды.

1914 ж. "Самарқан" газетін өзбек және тәжік тілдерінде, аптасына екі рет шығарып отырды. Осы газеттің 45 саны шыққаннан соң, қаржылық жағдайға байланысты тоқтады. Дәл осы жылы 20 тамыздан апталық "Айна" журналын шығара бастады.

"Айна" журналында өзінің құқық, тарих, тіл мен әдебиетке т.б қатысты мақалалары басылды. Түркістан халқын өз атауымен атау туралы мәселерді көтеріп, Түркістан халықтарын бірігуге үндеді.

Түркістан өлкесіндегі жәдидшәлдік, дін, тіл мен әдебиет, мәдениет салаларының дамуына, Түркістан автономиясының қалыптасуына М.Бехбуди көп үлес қосты.

Оның "Падаркуш" - "Оқымаған баланың ахуалы" атты драмасы өзбек драматургиясына, жалпы айтқанда театрға негіз салды.

М.Бехбудидің осы күнге дейінгі белгілі, 300 ге жуық мақалалары бар.

Оның "Рисалаи асбаб сауат" (Сауат шығару кітабы, 1904), "Рисалаи жуғрафия ғимрани" (Әлем географиясына кіріспе", 1905), "Мунтахаб жуғрафия умуми" ( Қысқаша жалпы география, 1906), "Китабул атфал" (Балалар кітабы, 1908), "Амалияту ислам" (1908), "Тарихул ислам" (1909), сияқты бірнеше еңбектері белгілі.

1919 ж. сапарға шыққан жолында ұсталып, Бұхар әмірі Сейіт Әлімхан бұйрығымен өлтірілді.

Оның "ақиқат берілмейді-алынады" деген сөзі жергілікті жәдидшілер ұранына айналды.

 

 

жәдидшілдік
Қанат БайбосынұлыҚанат Байбосынұлы
4 жыл бұрын 3031
0 пікір
Блог туралы