Абдулла Қадыри. Біз кімнен және нелерден қорқамыз? (1923)
Абдулла Қадыри. Біз кімнен және нелерден қорқамыз? (1923)

Әркімнің өзіне жараса қорқатұғын нәрсесі бола-дүр. "Дамбылсыз шөптен үркиді", - дегендей, осы уақытта дамбалды адам - күдіксіз кісі жоқ-ау шамасы?! Түркістан ыстатистиқа идарасының (ведомства) кейінгі жиған есебіне қарағанда, дамбалсыздар тым көбейген-ки, біз оларды төменде тура көшіреміз:

Мустамлакашы (отарлаушы) - ашуланғанда сырының әшкере болуынан қорқады.

Әр түрлі идара мүдірлері (басшылары) - сайлау жақындағанда мансаптан түсіп қалудан қорқады.

Жаңа көз ашқан өзбектің есепсіз шайыр мен шайырсымақтары - мың машақатпен азаптанып жазған өлеңдерінің газеттерде басылмай қалуынан қорқады.

Мақала жазуға үйренген мұхаррырлар (жазушылар) - тосыннан тиіп қалатұғын танқид (сын-ескертпе) таяғынан қорқады.

Бай-саудагерлер - әсіресе бұлардың қорқулары шекарасыз-дүр ...

Қысқасы: дүкен саудасы жақындағанда, ижараны (жалгерлік ақысын) асырып жіберетұғын йаканшыларадан (инспектор) қорқады, қолдарыны көп пұл жиылып қалса, баға өсіп, пұл құрсының түсіп кетуінен қорқады, қолында бірнеше қағаз көтерген кісі көрсе "торговой налог" салынуынан қорқады, ораза айы келіп зекет беру еске түссе, (сауда) малдары есебін алудан қорқады ... Бәр жағдайда да қара халық үшін жерде де қорқу, көкте де қорқу. Тек қана қара жердің асты ғана тыныш-дүр!

Кембағал диқан мен жұмысшылар - күн сайын базар бағасының бірге бір көтерілуінен қорқады.

Үкімет идараларының парақорлары - парақорлықпен күрес басталғалы бері өздерінің саяларынан қорқады.

Көктегі бұлыттар - жаумайын десе Құдайдың бұйрығынан, жауайын десе жердегі мақұлықтардың шыртың-пыртыңынан қорқады.

Мен кімнен және неден қорқамын?

Әсіресе, менің жұмысым өте қиын ...

Жазайын десем, тамыр-таныстың сортұмсықтығынан, жазбайын десем "Мупггум" жездемнің жекуінен қорқамын.

Және бұдан басқа қорқатұғын ікір-шікірлерім:

- Ескі шаһар көшелерімен жүрсем бетіме лай шашырауынан қорқамын.

- Жаңбыр жауған күндері Ескі шаһар расталарының (дүңгіршектер) аунап кетуінен, саудагерлердің жер қабуынан қорқамын.

- Оқу ғимараттары, бастауыш мектептер алдынан өтсем, келешектегі албыр-сылбыр өзбек мәдениетінен қорқамын!

Әрқалай болғанда да менің де қоқыныштарым өзіме жетерлік ...

Ассаламу ала ман иттабъал-худа.

Жұлқынбай     

"Муштум" - 1923 жыл, 1 май, 7-сан, 6-бет.

(* өзбек орнына қазақ атауын қойып оқып көріңіз)

Муштым (Кулак) - сатиралық өзбек журналы. Ташкентте 1923 жылдың ақпанынан айын екі рет шығып тұрған.

Абдулла Қадыри (1894-1938) - өзбек әдебиетінің ірі тұлғаларынан. 1925-1926 ж. ж "Муштум" журналында істеген. Журналда оның саяси сатиралық әңгімелері мен фельетондары басылып, оқырман көңілінен шыққан. А.Қадыридің өзбек әдебиетіндегі танымал еңбегі "Өткен күндер" романы. Роман халық арасында кең резонанс тудырды. Жәдидшілдік мектебінің өкілі.

1937 жылы халық жауы ретінде ұсталып, 1938 жылы атуға кесілген. 

1957 жылы ақталған.

Жұлқынбай - А.Қадыридің бүркеншік атауы.

 

 

 

 

Қанат БайбосынұлыҚанат Байбосынұлы
4 года назад 3272
0 комментариев
Прямой эфир