Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің әлеуеті артып келеді
Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің әлеуеті артып келеді

Қазақстанда бірқатар ұлттық университеттер бар. Ол университеттердің еліміздегі білім жүйесінің жан-жақтылығы мен заман талабына сай екендігін әлемдік деңгейде дәлелдеуде орны үлкен. Сол университтеттер арасында өзіндік орны бар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін ерекше атауға болады.

Университеттің әлемдік арена мен Қазақстан қоғамында қалыптасқан өз орны мен абырой-беделі бар. Бір ғасырға жуық тарихқа ие университет қазақ білім жүйесінің қасиетті қара шаңырағына айналған. Жыл өткен сайын да университеттің тарихы тереңдеп, әлемдік білім аренасында салмағы артып келеді. Мысалы, ҚС Әлем Университеттері Ранкингі  сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 - ші орыннан төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.кз» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр.

Осы жылдағы университет жетістігі ретінде, Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болуын қуанышаен айтуға болады. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайтты. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.

Қазіргі кезде университет 37 мамандық, 180 сала бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылған.

Қазірде университетте 17 факультут жұмыс істейді. Олардың қатарында Философия және саясаттану факультеті де бар.

Философия және саясаттану факультеті - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беретін басты орталықтардың бірі болып табылады.

Факультеттің кәсіби тұрғыда қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философия, мәдениеттану, дінтану, исламтану, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану ғылымдарының дамуымен бірге жалғасуда. Өзінің қалыптасу барысында факультет қоғамдық өмірдің барлық салалары үшін жоғарғы кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындауда. Олар еліміздің әр аймақтарында жемісті жұмыстар атқаруда.

Философия және саясаттану факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғарғы ғылыми шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне берілгендігімен ерекшеленеді. Факультетте 150-ден астам оқытушы-профессорлар құрамы қызмет атқаруда, олардың ішінде 80-нен астам ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, PhD докторлар қызмет жасайды.

Факультет 10 мамандық бойынша мамандар дайындайды.

Университет және факультет жайлы қосымша мәліметтерді  https://www.kaznu.kz/kz/19383/page/ сілтемесі бойынша таба аласыздар.

 

 

Жамашев А.Ш.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
философия және саясаттану факультеті,
дінтану және мәдениеттану  кафедрасының аға оқытушысы,PhD
Жұмасейіт Қ.Б.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
саясаттану және философия факультеті,
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
“Исламтану” мамандығының
1 курс магистранты

 https://www.kaznu.kz/kz

 

Қанат БайбосынұлыҚанат Байбосынұлы
3 года назад 1768
0 комментариев
Прямой эфир