Пайғамбарлар оразасы
Пайғамбарлар оразасы

Барлық пайғамбарларға ортақ құлшылық түрі ораза еді. Оразаның тарихы Адам атаның жер бетіне түсуімен тікелей байланысты. Тарихи, діни деректерге назар аударсақ Адам ата ай сайын үш күн ораза тұтатын. Мұны кейбір тәпсіршілер Жаннаттқан шыққаннан кейінгі «тәубе оразасы» деп атайды. Сонда Адам бір жыл бойы 36 күн ораза ұстаған.

Тарихи деректер бойынша Адам атаның ораза ұстайтын күндері ай толған күндер. Қазірде ол фиқһи кітаптарда, айдың толып, сәулесінің артуын абайланысты «әл-әийәм әл-биид» (ай толған не сәулелі күндер) деп аталады. Олар хижри-қамари есеп бойынша, яғни ай күнтізбесі бойынша ай толған 13, 14, 15-ші күндер. Пайғамбарымызда (с.а.с) осы күндері ораза ұстауға шақырған.

Пайғамбар Нұх та (ғ.с) тура Адам ата сияқты әр ай сайын, ай толған тұста үш күн ауыз бекіткен. Нұхтың (ғ.с) оразасы алапат топаннан аман шыққандығы үшін шүкіршілік мақсатында болғандықтан «шүкір оразасы» аталған.

Ал, Дәуіт (ғ.с) пайғамбардың ораза ұстау тәсілі ерекше. Әрі оның ораза ұстауы ең қайырлы тәсіл деп танылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с) айтқанындай Дәуіт (ғ.с) бір ораза тұтып, бір күн ауызы ашық жүрген. Сонда, ол жылдың жартысынан көбін оразамен өткізіп, бір жылда толық 182 күн ораза ұстаған.

Сүлеймен (ғ.с) пайғамбар оразасы да тура әкесі Дәуіт (ғ.с) оразасы сияқты. Бірақ Сүлеймен (ғ.с) әр ай сайын 9 күн ораза ұстаған. 3 күн айдың басында, 3 күн ай ортасында, 3күн ай соңында.

Ибраһим (ғ.с) пайғамбар Адам атаның тәсілімен әр ай сайын 3 күн ораза тұтқан. Бірақ сүннетте Ибраһимнің (ғ.с) толық бір ай ораза ұстағаны жайлы деректер бар. Оны кейбір тәпсіршілер «жақсылықтың он есе сауабы бар» қағидасы негізінде 3 күн оразаның 30 күндік, яғни толық бір айлық оразамен сауаптың арттырылуы арқылы теңесетіндігімен түсіндіреді.

«(Тәуратты алуға дайындық жасап, құлшылық ету үшін) Мұсамен отыз түндік мерзімге келісіп, кейін оған тағы он түн қосқан едік. Осылайша Раббысының ол үшін тағайындаған мерзімі қырық түнді құраған еді» (Ағраф, 142) аятына сәйкес Мұса (ғ.с) пайғамбар оразасы да ерекше. Аят тәпсіріне үңілсек Алла Тағала әуелі Мұсаға тілдеспестен бұрын (ғ.с) ауыз ашпай, үздіксіз 30 күн ораза ұстауды бұйырған. Тілдесу үшін ауызындағы жағымсыз иістен ұялып, ауызын ағаш бөлігімен (мисуәкпен) ысқылаған теріс әркеті үшін Мұсаға (ғ.с) тағы 10 күн ораза міндеттелген.

Құранда Мәриям анамызыдың оразасы жайлы да деректер айтылады. «Ал енді (құрмадан) жеп, (судан) іш һәм көзайым бол! Егер біреу-міреуге кезігіп қалсаң ишарат қылып; «Мен Рахман үшін ауыз бекіттім, сондықтан да бүгін бірде-бір адаммен тілдеспеймін», - де» (Мәриям, 26) аятына сәйкес Мәриям анамыздың оразасы сөйлесуден, артық сөзден тыйылу арқылы орындалған.

 

Арабшадан аударған: Қ. Байбосынұлы

Қанат БайбосынұлыҚанат Байбосынұлы
3 года назад 3131
1 комментарий
  • Ассалам алейкум уа рахматуллахи уа баракатух ! Қалың ел Казағым. Мен еки баланын Анасы Алдарыңызда Көмек сұрап алдарыңызда отырмын. Көктем айы келгенмен жанбыр, қар жауып жылынбаған уй таң атқанша ызғып суып кетеді. Әйтеуір өртеуге келеді деген заттардың бәрін пешке салып әрең жылытып аламын. Қандастарым! ,Алланың разылығы үшін қол ұштарыңызды созыңыздаршы.Көп түкірсе көл дейді ғой.Амалым барма менің қапыда Арқа сүйер асыраушымнан,балаларымның әкесінен айрылып қалдық. Бар ауыртпашылық менің мойныма түсті. Жалғыздың үні шықпас деген бір өзім қалай балаларымды аяғына тұрғызамын деген уайым әбден уайымға салдырды.Ана қай кездеде баласы үшін өмір сүреді емес пе? Өлімнен Ұят күшті деген мен сол ұятымды жыйып койып Көмек сұрап алдарыңызда отырмын.Әттең, Денсаулығым да жақсы емес.Бүйрегім ауырып тұра алмайтын жағдайға жеттім.Ауырып сорламағанда көмек сұрамас едім. Көмек сұрады деп ұрысып ауыр сөз жазбаңыздаршы.Маган каншама улкен кісілер звондап мазақ етіп звондайтынды шыгарды.Өлді деген қағазды моргка барып алудың өзі қандай қыйын азап екенін білмейді ме екен? Менде Құдайдан сұрап алғаным жоқ қой? Өлім мен Ауруды.Жаным қысылғанан көмек сурап интернет парақшасында мейрімді жандардан көмек сұрап жүрмін. Кәзір Жалдамалы времянкада тұрып жатырмыз.Ұлтарақтай жер бұйырмай ар орыс пен ұйғырдың времянкасын жалдап күнелтіп жүрміз.Балаларым өсіп қалды жесірдің баласы деген аздай уйсіз қаңғып жүргеніміз өте уайым абден жанымды жеп болды.Тамақ аламын деп ,дүкенге де қарызым асып кетті.Емделуге коп қаражат керек екенін мен айтпасамда барлық адамдар біліп отырған шығар? Ауруымнан емделмейінше осылай қыйналып жүремізбе деп уайымдаймын.Балалардың киімдерін бір түгендей алмай отырмын. Балаларымнын болашағы үшін шырылдап көмек сұраған ананы тусініп қолдайды деген үміттемін. Көмектесемін деген мейірімді жандарға :Каспий картам 5169493174490881. Телефон номерім 87479581946 Куралай.Алдын ала рахмет айтамын.Аллаһ сіздерге разы болсын
    3 года назад
Прямой эфир